Жаңалықтар
2027 жылы Қазақстанда өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындық барысы талқыланды
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 10:39
- 7
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Петра Сёрлингпен кездескенін мәлімдеді.
Кездесу барысында елімізде 2027 жылы өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындық мәселелері мен осы спорт түрін дамыту бағыттары жан-жақты қарастырылды.
Тараптар халықаралық турнирге дайындық барысын, инфрақұрылымды жетілдіру және үстел теннисін кеңінен насихаттау жолдарын талқылады. Геннадий Головкин мұндай кездесулер Қазақстандағы үстел теннисінің дамуына оң әсер ететінін атап өтті.


