UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары турнир көшін бастап келеді
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 12:49
- 1
Атап айтқанда, “Kazakhstan А” командасы «Офицерді құтқару» тапсырмасын рекордтық 2 минут ішінде орындап, кезең қорытындысы бойынша бірінші орынға көтерілді. Екінші орын “Kazakhstan В” командасына бұйырса, үшінші кезеңнің қола жүлдесін “Kazakhstan C” иеленді.
Сонымен қатар тағы екі қазақстандық команда үздік жиырмалықтан көрінді. “Kazakhstan D” командасы 19-орында тұрса, одан кейінгі сатыда “Tomiris” қыздар командасы орналасқан. Олар әйелдер құрамалары арасында ең үздік көрсеткішке қол жеткізіп қана қоймай, көптеген ерлер командаларын артта қалдырды.
Үш кезеңнің жалпы нәтижесі бойынша “Kazakhstan C” көш басында сенімді түрде бірінші орында келеді. Ал “Kazakhstan А” командасы екінші орынға жайғасқан.
Осылайша, 48 елден қатысып жатқан 109 команда арасындағы беделді турнирде қазақстандық арнайы жасақ өкілдері алдыңғы қатардан көрінуде. Алда жарыстың тағы екі кезеңі бар. Жанкүйерлер отандастарымыздың сәтті өнер көрсетіп, елге жеңіспен оралуына тілектес.


