БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында олимпиадаға дайындық: оқушылар оқу-жаттығу жиынынан өтуде

Жамбыл облысында олимпиадаға дайындық: оқушылар оқу-жаттығу жиынынан өтуде
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов облыста республикалық пән олимпиадаларына дайындық жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы базасында дарынды оқушыларға арналған арнайы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылған.

Жиын 31 қаңтар мен 11 ақпан аралығында өтуде. Бұл кезеңде оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған кешенді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындық процесіне Астана қаласындағы “Edlight academy” орталығынан шақырылған тәжірибелі тренерлер мен облыстың үздік педагогтері тартылған.

Оқу бағдарламасы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтиды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының құрама командасына кіретін 53 оқушы білімін жетілдіру үстінде.

Аталған оқушылар алдағы наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық пән олимпиадаларында өңір намысын қорғайды. Былтыр облыс командасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бірінші орын алып, «Ең үздік команда» атағына ие болған еді.

Серік Сәлемов биыл да облыс оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жеңісті дәстүрді жалғастырады деген сенім білдірді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар