Қысқы Олимпиада ойындары: 11 ақпанда қазақстандық спортшылардың жарыс бағдарламасы
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 09:27
- 14
Қазақстан атынан шаңғы қоссайысында жалғыз спортшы Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетеді. Ол алдымен 13:10-да қалыпты трамплиннен секіру сайысына қатысады (№3), ал кейін 17:45-те ерлер арасындағы 10 км шаңғы жарысына шығады (№3).
Фристайл бойынша әйелдер арасындағы могул жарысында 15:00-де өтетін екінші біліктілік кезеңіне Анастасия Городко (№5), Аяулым Әмренова (№15) және Юлия Галышева (№14) қатысады. Ал 18:15-те могул финалы өтеді, онда қазақстандық спортшылардың жүлдеге таласу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ биатлоншылар да жарыс жолына шығады. 18:15-те әйелдер арасындағы 15 км жеке жарыста Милана Генева (№90) мен Айша Рақышева (№91) ел намысын қорғайды.
Олимпиаданың осы күні қазақстандық спортшылар үшін маңызды сын болмақ, жанкүйерлер олардың табысты өнер көрсетуіне үміт артып отыр.




