Үкіметте шұғыл кеңес: Бектенов Президент тапсырмаларын орындауды жеделдетуді талап етті
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 14:54
- 20
Ұлттық экономика министрлігі 2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру бағдарламасын дайындап жатыр. Сонымен бірге инфляция деңгейін төмендету бойынша Ұлттық банкпен бірлескен жоспар әзірленеді. Бизнеске мемлекеттік қолдау «бір терезе» қағидаты арқылы цифрлық форматта жалғасады.
Кеңесте цифрландыру мәселесі де кеңінен талқыланды. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді QazTech платформасына көшіру, цифрлық теңгені енгізу және жасанды интеллект шешімдерін қолдану жоспарланып отыр. Бұл бюджет қаражатының ашықтығын арттырып, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін күшейтуге бағытталған.
Премьер-министр барлық мемлекеттік органдарға Президент тапсырмаларын нақты нәтижеге бағыттап, халық пен бизнеске пайда әкелетіндей деңгейде орындау қажеттігін ескертті.




