Энергетика, жолдар, өндіріс: Қазақстанда ірі инфрақұрылымдық жобаларға екпін берілді
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 14:55
- 19
Энергетика саласында 2029 жылға дейін 13,3 ГВт жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар көмір генерациясын дамыту, мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру және мұнай-газ химиясы жобаларын іске қосу қарастырылып жатыр.
Көлік инфрақұрылымында да ірі жобалар басталады. Теміржол желілерін жаңғырту, жаңа автожолдар салу және транзиттік әлеуетті арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылға қарай транзит көлемін 55 млн тоннаға жеткізу жоспары бар.
Өнеркәсіп саласында отандық өндірушілерді қолдау, арнайы экономикалық аймақтарды жаңғырту және шикізатты терең өңдеу басты бағыттардың бірі болмақ. Бұл қадамдар ел экономикасын әртараптандыруға және экспортты ұлғайтуға ықпал етеді.
Үкіметтің мәліметінше, барлық жобалар экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.




