Жаңалықтар
Таразда сыйымдылығы 35 мың адамдық этноауыл кешенінің құрылысы басталады
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 11:22
- 1
Тараз қаласында ауқымды демалыс аймағын құру жобасы жүзеге асуда. Ұзындығы шамамен 3,5 шақырым болатын жаңа саябақ әуежай маңынан басталып, орталық көшелерге дейін созылады. Жоба үш шағын ауданды қамтып, қаладағы ең ұзын саябақтардың біріне айналмақ.
Саябақ аумағында заманауи веложолдар, балалар және спорт алаңдары, демалыс орындары қарастырылған. Сонымен қатар осы аумақта сыйымдылығы 35 мың адамға дейін жететін этноауыл кешені салынады. Кешен туристер мен қала тұрғындарына арналған мәдени-танымдық және демалыс кеңістігі болмақ.
Жоба жыл соңына дейін кезең-кезеңімен іске асып, тұрғындардың игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Қала билігінің мәліметінше, бұл Тараз аумағында алғаш рет жүзеге асырылып отырған ірі заманауи саябақ жобаларының бірі.


