Жаңалықтар
Конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енді
- author BAQ-Orda
- 13 ақпан, 2026
- 20
Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 5000 метр қашықтықта өнер көрсетті.
Отандасымыз 7:04.81 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, оныншы орынға тұрақтады.
Италия спортшысы Франческа Лолобриджида Олимпиада чемпионы атанды - 6:46.17. Ол осы Олимпиада ойындарында екінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Бұған дейін 3000 метрде де жеңіске жеткен еді.
Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Мерел Конейн (6:46.27) еншілесе, қола медаль Норвегия спортшысы Рагне Виклундқа бұйырды - 6:46.34.
Айта кетейік, Надежда Морозова осылайша тағы да үздік ондықтың қатарына енді. Бұған дейін ол 3000 метрде алтыншы, ал 1000 метрде 14-орын алған еді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы 1500 метр қашықтықта да бақ сынайды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматыда «Қалқаман» станциясына дейінгі метро тоннелі толық қазылды
- авторAdmin
- 13 ақпан, 2026




