Бұл жеңіс Қазақстанның қысқы Олимпиада тарихындағы екінші алтын жүлде ретінде ерекше маңызға ие болды.
Қысқа бағдарлама қорытындысында Шайдоров 92,94 ұпай жинап, бесінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада қазақстандық спортшы жоғары деңгейдегі өнер көрсетіп, төрешілер шешімімен 198,64 ұпай алды. Жалпы есепте 291,58 ұпай жинаған ол қарсыластарынан озып шықты. Еркін бағдарлама барысында спортшы бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындап, өзінің шеберлігін дәлелдеді.
Нәтижесінде Михаил Шайдоров жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, Олимпиада чемпионы атанды. Екінші орынды жапониялық Юма Кагияма (280,06 ұпай) иеленсе, оның отандасы Шун Сато 274,90 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қысқы Олимпиадада жалғыз алтын медальді 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алған болатын. Шайдоровтың бұл жеңісі елдің қысқы спорт тарихындағы жаңа белес саналады.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Қалқаман» станциясына дейінгі метро тоннелі толық қазылды
- авторAdmin
- 13 ақпан, 2026


