Жаңалықтар
Алматыда Гиннеске ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленіп жатыр
- author Admin
- 16 ақпан, 2026
- 20
Алматыда ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақ дайындалып жатыр. Ұлттық қолөнер туындысы Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылуға жоспарланған.
Сырмақ дәстүрлі қазақ технологиясымен – киіз басу және қолмен тігу әдістері арқылы жасалуда. Шеберлер бұйымды классикалық қазақы ою-өрнектермен безендіріп, ұлттық нақышты толық сақтауға мән беріп отыр.
Жоба авторларының айтуынша, жұмысты 21 наурызға дейін аяқтау көзделген. Дайын болған сырмақ Наурыз мерекесі қарсаңында көпшілік назарына ұсынылады.
Ұйымдастырушылар бұл бастама ұлттық қолөнерді кеңінен насихаттап, қазақтың дәстүрлі өнерін халықаралық деңгейде танытуға ықпал етеді деп отыр. Егер өтінім сәтті қабылданса, алып сырмақ Гиннестің рекордтар кітабына еніп, Қазақстан үшін тағы бір тарихи жетістік болмақ.




