Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден 11-орын алды
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 10:44
- 13
«Суперкоманда» форматындағы бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының атынан Данил Васильев пен Илья Мизерных өнер көрсетті.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша Васильев пен Мизерных келесі айналымға өтті. Алайда финалға жолдама ала алмады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жарысты 11-орынмен аяқтады.
Айта кетейік, жарыс ережесіне сәйкес әр кезеңде спортшылар бір-бір секіруден орындады. Бастапқы кезең қорытындысында келесі айналымға тек 12 команда өтті. Ал екі кезеңнің нәтижесі бойынша үздік сегіз құрама финалға жолдама алды.
Финалда барлық құрама секіру мүмкіндігін толық пайдалана алмады. Қолайсыз ауа райына байланысты төрешілер жарысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Соның нәтижесінде жүлделер алдыңғы секірулердің қорытындысы бойынша бөлінді.
Алтын медальді Австрия құрамасы жеңіп алса, Польша екінші орынға ие болды. Норвегия үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Илья Мизерных үлкен тұғырда 8-орын алып, осы спорт түрінен Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеген еді.



