Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Президент екі халықаралық келісімді ратификациялады

Президент екі халықаралық келісімді ратификациялады
Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық экономикалық ынтымақтастығына қатысты екі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші заң Қазақстан Үкіметі мен ОПЕК Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы жобаларды жүзеге асыруға арналған негіздемелік келісімді ратификациялауға қатысты. Бұл құжат инвестиция тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді.

Екінші заң Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялауды көздейді. Келісім сауда байланыстарын кеңейтіп, жаңа нарықтарға шығуға жол ашады.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар