Депоның орналасуы
Құжатқа сәйкес, LRT депосы ЖЭО-2 аумағынан шығысқа қарай, Фариза Оңғарсынова, Мөңке би және Бауыржан Момышұлы көшелерінің аралығында орналасады. Бұл аймақ инфрақұрылымдық тұрғыдан тиімді деп танылған.
Бағыттың сипаттамасы
Жылдам рельсті көлік желісі деподан басталып:
Бауыржан Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін;
Одан әрі Төле би көшесімен шығысқа қарай Абылай хан даңғылына дейін;
Абылай хан даңғылы арқылы солтүстік бағытта Алматы-2 теміржол вокзалына дейін жалғасады.
Соңғы аялдама Райымбек батыр көлік-ауысып отыру торабы аумағында орналасады.
Жобаның ұзындығы
Бірінші желінің жалпы ұзындығы – 17,893 шақырым.
Жоба тарихы
Айта кетейік, Алматыда LRT салу бастамасы 2018 жылдан бері талқыланып келеді. Алғашқы нұсқада ұзындығы 22,7 шақырымды құрайтын екі бағытта 37 станция салу жоспарланған болатын. Алайда кейін жоба қайта қаралып, қазіргі ұсынылған бағыт бекітілді.
LRT құрылысы жүзеге асқан жағдайда, қаладағы көлік жүктемесін азайтып, қоғамдық көлік жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді деп күтілуде.




