Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Т.Рысқұлов ауданында Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Т.Рысқұлов ауданында Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Бүгін Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барған делегация өкілдері аудан тұрғындарымен және түрлі сала мамандарымен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын түсіндіру бағытында бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулердің басты мақсаты - халықпен ашық диалог орнатып, конституциялық реформалардың ел дамуына әсерін талқылау және азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.

Сапар барысында алдымен Ақыртөбе орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ұжымымен жүздесу өтті. Кездесу кезінде Конституция жобасының негізгі басымдықтары, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, әлеуметтік кепілдіктерді арттыру және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен түсіндірілді. Ұжым мүшелері өз сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді.

Кейін Құлан ауылының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, жаңа конституциялық өзгерістердің стратегиялық мәні мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі ықпалы талқыланды. Тұрғындар әлеуметтік жағдай, инфрақұрылым және өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар «Mooz Tau» ЖШС еңбек ұжымымен өткен кездесуде реформалардың еңбек адамдарына беретін мүмкіндіктері, олардың құқықтық қорғалуы және әлеуметтік кепілдіктердің маңызы жан-жақты сөз болды. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары жұмысшылар тарапынан қызығушылық тудырып, ашық пікір алмасу форматында өтті.

Жалпы жұмыс сапары барысында тұрғындар Жаңа Конституция жобасына оң көзқарас білдіріп, елдің әділетті әрі тұрақты дамуына үлес қосуға дайын екендерін жеткізді. Кездесулер қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты нығайтып, алдағы маңызды саяси шешімдерге азаматтардың белсенді қатысуына ықпал ететіні атап өтілді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар