Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жаңа Ата Заң жобасы денсаулық сақтау саласы өкілдерімен талқыланды

Жаңа Ата Заң жобасы денсаулық сақтау саласы өкілдерімен талқыланды
Жамбыл облыстық коалиция мүшелері Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылау мақсатында №7 емхананың ұжымымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – медицина саласы қызметкерлеріне Ата заңның жаңа редакциясында ұсынылған тұжырымдамалық өзгерістерді түсіндіру және олардың қоғам дамуына ықпалын талқылау болды.

Жиынға қатысқан коалиция мүшелері Бағлан Қыдырбаев, Сейітжан Орынбаев және Анар Досымбекова жаңа Конституция жобасы мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Олардың айтуынша, құжатта қазақстандық қоғамға тән негізгі құндылықтар мен қағидаттар айқындалып, саяси институттардың тиімділігін арттыруға басымдық берілген. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқарудың сапасын көтеріп, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін нығайтуға ықпал етпек.

Коалиция өкілдері конституциялық реформаның жастар болашағы үшін де маңызды екенін ерекше атап өтті. Жаңа редакцияда адам құқықтары мен бостандықтары тек Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның мазмұндық өзегіне айналғаны айтылды. Бұл - құқықтық мемлекет қағидаттарын бекемдеп, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадам.

Сонымен қатар жаңа жалпыұлттық диалог алаңы - Қазақстанның Халық Кеңесінің құрылуы оң бастама ретінде бағаланды. Бұл құрылым қоғам мен билік арасындағы өзара түсіністік пен ашық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді деп атап өтілді.

Кездесу қорытындысында әділетті қоғам мен тұрақты мемлекет құру - баршаға ортақ мақсат екені айтылды. Тараз университетінің проректоры Сейітжан Орынбаев емхана ұжымына денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбектері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да қоғам дамуына белсенді үлес қоса беретіндеріне сенім білдірді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар