Жаңалықтар
Дариға Бадықова сотта жеңілді - шу тудырған сұхбаттың соңы қалай болды?
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 15:59
- 43
Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадықова бұрынғы жұбайының журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатына байланысты сотқа жүгінген еді. Ол сұхбаттағы мәліметтерді жалған деп танып, материалды өшіруді талап етті. Алайда сот бұл талаптарды қанағаттандырмай, істі журналист пайдасына шешті. Бұл оқиға қоғамда сөз бостандығы мен жеке өмір шекарасы туралы талқылауды күшейтті.
Заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, талап арызда сұхбатты өшіру, кешірім сұрату және жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асатын моральдық және материалдық шығынды өтеу мәселесі көтерілген. Сонымен қатар журналист пен актрисаның бұрынғы күйеуін жауапкер ету ұсынылған. Бірақ сот бұл талаптардың ешқайсысын қолдамады.
Иманбай бұл іске жеке қатынастарға араласу үшін емес, журналистің кәсіби еркіндігін қорғау мақсатында кіріскенін айтты. Оның сөзінше, басты принцип – пікір алуандығын сақтау және авторды өз материалы үшін қысымға ұшыратпау.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында актер Дархан Мұсаев сұхбат беріп, ажырасу себептері туралы ашық пікір білдірген. Сол мәлімдемелер қоғамда қызу талқыланып, кейін даулы жағдайға ұласқан еді.



