Қызылордадағы даулы іс: Оқушы тағдырына қатысты тергеуде жаңа дерек шықты
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 16:11
- 7
Министр орынбасарының сөзінше, жәбірленушімен заңсыз әрекетке барған адамдарға қатысты материалдар бөлек іс ретінде қаралып жатыр. Тергеу амалдары әлі де жүріп жатыр және барлық жағдай толық тексерілуде.
Сондай-ақ ол негізгі іс бойынша кейбір баптармен тергеу аяқталып, кінәлі деп танылған тұлғалар сотталғанын айтты. Алайда сот шешіміне қатысты толық түсініктеме беруге заң шектеу қоятынын атап өтті. Қазіргі таңда қосымша дәлелдер жинау мен басқа да процессуалдық әрекеттер жалғасуда.
Полиция жәбірленушімен байланыс үзбеген. Ал нақты есімдерді жариялау мәселесін жәбірленушінің өзі шешуге құқылы екені айтылды.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада жасөспірім қыз қысымға ұшырағаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырып, құқық қорғау органдарының бақылауына алынған еді.


