Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

27 ақпанға арналған Жамбыл облысы ауа райы: жауын-шашын, қатты жел және көктайғақ күтіледі

27 ақпанға арналған Жамбыл облысы ауа райы: жауын-шашын, қатты жел және көктайғақ күтіледі
27 ақпан күні өңірде құбылмалы ауа райы сақталады. Облыстың оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр және қар) күтіледі. Солтүстік және таулы аудандарда қар жауып, таулы өңірлерде кей уақытта қалың қар түсуі мүмкін. Таулы аймақтарда жаяу бұрқасын байқалады.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ қалыптасуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығыс бағытына ауысады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с болса, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі уақытта екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін.

Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градусқа дейін жылы болады. Облыстың солтүстігі мен таулы аймақтарында түнде 8–13 градус аяз күтіледі. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 1–6 градус жылы болса, солтүстік және таулы аудандарда 5–10 градус аяз сақталады.

Тараз қаласында көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 0–2 градус, күндіз 4–6 градус жылы болады.

Мамандар тұрғындарға жолда сақ болуды және ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуды ескертеді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар