3 наурызға ауа райы: таулы аймақтарда қар, тұман және көктайғақ күтіледі
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 09:37
- 11
Таулы өңірлерде жаяу бұрқасын болжанып отыр. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, таулы аудандарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ауа температурасы түнде облыстың көп бөлігінде 0–5 градус аралығында, солтүстігінде және таулы аймақтарда 10–15 градус аяз болады. Күндіз 3–8 градус жылы, ал солтүстік пен таулы аудандарда 1–6 градус аяз сақталады.
Тараз қаласында көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, кей уақыттарда тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы болады.
Мамандар тұрғындарға жолда абай болуды және ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.




