Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Бақытжан Орынбеков тараздық қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бақытжан Орынбеков тараздық қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
ашық дерек
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Халықаралық әйелдер күніне орай қаладағы бірқатар қыз-келіншектерді қабылдап, арнайы құттықтады. Кездесу барысында қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі мен жетістіктері атап өтілді.

«Әйел – әлемнің шуағы» тақырыбында өткен салтанатты кездесуде шаһар басшысы әйел-аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін айтып, мереке иелеріне ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ қала дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қыз-келіншектерге Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасын табыстады.

Жиында әйелдердің ел өміріндегі рөлі, олардың қоғамдық, әлеуметтік және мәдени саладағы белсенділігі ерекше атап өтілді. Қала әкімі нәзік жандылардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын айтып, олардың бастамалары мен игі істері қала дамуына серпін беретінін жеткізді.

Кездесуге қатысқан Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай, еңбек ардагері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гүлжамал Тажиева және «Jambyl-Taraz» қалалық газетінің тілшісі Арайлым Шабденова де мереке иелеріне жылы лебіздерін білдірді.

Олар өз сөздерінде қыз-келіншектердің қоғам дамуына қосып отырған қомақты үлесіне тоқталып, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі мен белсенділігі әрдайым үлгі екенін атап өтті. Сонымен қатар әйелдердің отбасы мен қоғамдағы үйлесімділікті сақтаудағы рөлі ерекше екені айтылды.

Жиын соңында мерекелік кездесу еркін форматтағы әңгімемен жалғасып, қатысушылар бір-біріне ақжарма тілектерін білдірді. Халықаралық әйелдер күніне арналған бұл кездесу нәзік жандыларға көрсетілген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар