Вице-министрдің мәліметінше, референдумды 31 елден келген 68 шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 185 өкілі ақпараттық тұрғыда сүйемелдеуді жоспарлап отыр. Шетелдік журналистер дауыс беру процесін, ұйымдастыру жұмыстарын және референдум нәтижелерін халықаралық аудиторияға жеткізеді.
Айта кетейік, референдум бюллетенінде азаматтарға «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ ұсынылады.
Орталық сайлау органдарының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда дауыс беруге құқылы азаматтардың саны 12 416 759 адамды құраған.
Сарапшылардың пікірінше, халықаралық журналистердің қатысуы референдумның ашық әрі жария түрде өтуіне мүмкіндік беріп, Қазақстандағы маңызды саяси процестердің әлемдік ақпарат кеңістігінде кеңінен жариялануына ықпал етеді.


