Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты
Танымал әнші, “КешYOU” тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жаңалықпен бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы жұбайы Арыстанмен арадағы жағдай туралы жазба жариялады.

Әншінің айтуынша, екі ай бұрын ол бұрынғы күйеуін алимент төлеуге беру туралы шешім қабылдаған. Алайда жуырда ұлының әкесі өзімен байланысқа шығып, өткен жағдайлар үшін кешірім сұраған.

“Махаббат… Екі ай бұрын Арыстанды алиментке бердім. Ал бүгін ол маған өзі хабарласып, өткен кеткенге кешірім сұрап, балаға әке ретінде қамқор боламын деді. Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтып, алименттен алып тастауымды өтінді”, – деп жазды әнші.

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы жұбайын ұлы үшін кешіргенін айтты. Оның сөзінше, олар баланың болашағы үшін жақсы ата-ана болуға тырысатын болып келіскен.

“Кештім… Алла үшін… Ұлым үшін… 10 жылға созылған тұман сейілсін. Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім – сіздерге рақмет”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланып жатыр.

Дереккөз: Stan.kz

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар