Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

2026 жыл басынан 163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2026 жыл басынан 163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 30,3 мың отбасындағы 163,3 мың адамға 5,2 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың наурызына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 50,1 мың балаға 618,1 млн. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар