Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Нидерландтың Леварден қаласында өтіп жатқан "Күміс шар" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық спортшы 100 метр қашықтықта топ жарды.

Кошкин барлық кезеңде, соның ішінде жартылай финал мен финалда да бірінші болып мәреге жетті. Шешуші жарыста ол 9,56 секундта мәреге жетті.

Екінші орынды нидерландтық Стефан Вестенбрук иеленді - 9,69. Ал Мац ван де Бос (Нидерланд) 9,82 секунд көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта сынға түсіп, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтаған еді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар