БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

МЕРКІДЕГІ ҚАНТ ЗАУЫТЫ ӨЗ ӨНІМІН ТҮГЕЛ ТАЛДЫҚОРҒАНҒА ЖІБЕРІП ОТЫР

МЕРКІДЕГІ ҚАНТ ЗАУЫТЫ ӨЗ ӨНІМІН ТҮГЕЛ ТАЛДЫҚОРҒАНҒА ЖІБЕРІП ОТЫР
caption
МЕРКІДЕГІ ҚАНТ ЗАУЫТЫ ӨЗ ӨНІМІН ТҮГЕЛ ТАЛДЫҚОРҒАНҒА ЖІБЕРІП ОТЫР
Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан қант зауыты бүгінде өндірістен шыққан тәтті өнімді түгел дерлік Талдықорған өңіріне жөнелтіп жатыр. Бұл туралы зауыт жұмысын көріп қайтуға барған "Aq jol" газетінің журналистпен болған сұхбатында зауыт маманы айтты. «2016 жылы зауыт модернизациялаудан өтті. Жаңа, заманауи пресс-фильтр орнатылды. Ал, 2017 жылы вакуум қондырғылары іске қосылып, өндіріс толығымен автоматты жүйеге көшті. Яғни мұнда қазір қант өндіру ісі компьютерлік жүйемен жұмыс істейді. Бұрынғыдай таңнан кешке дейін қара тер болып жүретін жұмыс жоқ. Істің барысын тек монитордан бақылап отырамыз. Жалпы 460 маман жұмыс істейді. Қазір біздің зауыт тәулігіне 500 тонна қант өндіруде. Дегенмен, бұл қантты ,біз, қазіргі таңда Талдықорғанға жөнелтіп жатырмыз. Олар бізге шикізат береді, біз өндіріп өздеріне жіберудеміз. Сондықтан әзірге қантты аудандағы, өңірдегі дүкендерге жіберіп жатқан жоқпыз. Себебі Талдықорғанмен әріптестік келісіміміз бар. Оларға біз әлі тоғыз мың тоннадай қант жіберуіміз керек. Содан кейн ғана өз өңірімізге сатылымға шығарамыз,-дейді зауыт маманы Гүлнар Дәлібаева. Десек те, зауыт мамандары қанттың бағасын коммерциялық құпия санап, басқа сұрақтарымыздан да бастарын алып қашты. Қоймадағы қант зауыттан тікелей жүк пойызының вагондарына артылып, Талдықорғанға кетіп жатыр. Әр вагонда 68 тонна қант өнімі бар. Сонда шикізат Талдықорғаннан келетін болса, өзіміздің шикізат қайда кетіп жатыр деген сұрақ та санаға салмақ салары анық.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар