Жаңалықтар
Алматыда заңсыз жүрген 310 шетел азаматы елден шығарылды
- author BAQ-Orda
- 27 шілде, 2022
- 244

Алматыда заңсыз жүрген 310 шетел азаматы елден шығарылды
Алматыда жыл басынан бері Көші-қон заңнамасы 15 904 рет бұзылып, 4 182 іс бойынша шетел азаматтары жауапқа тартылды.
Сот шешімімен 310 шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов мәлімдеді.
«Алматыда жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 673 шетел азаматы полиция департаментінің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сондай-ақ, биылғы жылдың 6 айында еңбек мигранттарына жеке адамдарда жұмыс істеуі үшін 34 162 рұқсат қағазы берілді және ұзартылды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және шетелдіктерді азаматтық-процессуалдық тәртіпте елден шығару – біздің бірінші кезектегі міндетіміз», - деді ол.
Ол сондай-ақ, полиция Алматыда жыл басынан бері «Келімсек» және «Нелегал» екі республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілгенін хабарлады.
Келесі мақала
Жамбыл облысында 20720 бала 1 сыныпқа қабылданды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025