Мемлекеттік қызмет берушілердің басты міндеттерінің бірі-көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі және азаматтар мемлекет тарапынан құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалатындығына ерекше сенім білдіреді.
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан қызмет алушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына басымдық берілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылғандықтан халыққа сапалы қызмет көрсету, қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету процесстерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарып келеді.
2026 жылдың есепті кезеңінде Департаментпен жоспардан тыс тексеру шараларының негізінде 2 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
1. Нақтырақ атап өтетін болсақ, 2026 жылдың 7 тамызында Департаментке Алматы қаласының тұрғыны «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуден Меркі ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарымен негізсіз бас тартылғанын көрсетіп, тиісті шараларды қабылдауды сұраған.
Мәселен, Қызмет алушыға 2025 жылғы 28 тамыздағы аукцион нәтижелері бойынша ғимаратты салу және оған қызмет көрсету үшін жер телімін бір жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) берілген.
Келісім шартпен көзделген уақытта Қызметті алушы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартуға берген өтінішіне Көрсетілетін қызметті беруші негізсіз бас тартқан.
Айта кетерлігі осыған дейін Қызметті алушының өтініші бойынша Меркі ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары қолданыстағы заңнама талапатырын бұза отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерінің бірі – көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімі болмауына қарамастан өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты жасалған.
Аталған өтініш бойынша ауылдық окгуг әкімінің шешімі шықпауына байланысты Қызмет алушы қайтадан өтінішпен жүгінуге мәжбүр болған.
Тексеру нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңнама талаптары сақталмай, Қызмет алушының өтініші бойынша уәжді бас тартуды Көрсетілетін қызметті беруші емес, құрылымдық бөлімше қабылдағаны анықталды.
Департаменттің араласуының нәтижесінде орын алған заң бұзушылықтар бойынша ұсыныс енгізіліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді,
Бұл жағдай жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрбір рәсімді қатаң қадағалап, азаматтардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарау қажеттілігін тағы бір мәрте айқын көрсетті.
2. Сонымен қатар, Байзақ ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының тарапынан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша азаматтан түскен өтінішті қарау кезінде заңнама нормаларын қате қолдану дерегі анықталды.
Мәселен, Қызмет алушы жергілікті атқарушы органға «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік қызметін алу үшін өтінішпен жүгінген.
Өз кезегінде Қызмет беруші Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабына сілтеме жасап мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан.
Бас тартудың негізділігін анықтау мақсатында Департментпен жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында Қызмет алушы бұрыннан өзіне заңды түрде берілген жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді сұраған. Алайда, уәкілетті орган бұл жағдайда бос жерді кезек тәртібімен беруді реттейтін ҚР Жер кодексінің 44-бабын негізге алып, қателік жіберген. Жер пайдаланушы болып табылатын тұлғаға бұл баптың қатысы жоқ екендігі анықталды.
Тиісті ауылдың бекітілген бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында аталмыш аумақ тұрғын үй аймағы ретінде қарастырылғанына қарамастан, бұл туралы негізделген ақпарат бас тарту шешімінде көрініс таппаған.
Департаментпен тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар жою жөнінде ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде, Байзақ ауданы әкімдігінің жергілікті арқарушы органдарымен Қызмет алушының өтініші қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта қаралып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мемлекет тарапынан қызмет алушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға басымдық берілгендіктен аталған мәселе бұдан әрі де Департаменттің басты назарында болады.