БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Ақтауда түні бойы жауған жауыннан кейін қала көшелерін су басты

Ақтауда түні бойы жауған жауыннан кейін қала көшелерін су басты
caption
Ақтауда түні бойы жауған жауыннан кейін қала көшелерін су басты
Қала көшелерінен 19 398 текше метр су сорылды. Ақтау қаласында кеше кешкі 23:00 бастап, таңғы 06:00 дейін нөсер жауын жауған. Осыған байланысты «Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған суды сорумен айналысты. Атап айтқанда 1, 17, 16, 5, 7, 14, 34, 31 «б» шағынаудандарда, Халық арена, «Инара» тұрғын үй кешені, «Астана» сауда үйі маңында коммуналдық қызметкерлер жаңбырдың салдарымен күресіп жатыр. Бұл жұмысқа 30 жұмысшы, 6 мотопомпа, 2 көлік жұмылдырылды. Сонымен қатар 13 шағынаудан, 24 үйдің алдында автокөліктің үстіне ағаш құлаған. Оны төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері алды. Жарықты қалпына келтіру шаралары да жасалып жатыр.  
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар