
Коронавирустың жаңа штамы : «Кентавр»
Коронавирустың жаңа штаммы «кентавр» 15 елде тараған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
«Елдер контекстінде соңғы аптада 92 елде аурушаңдықтың өсуі байқалды. Атап айтқанда, Әзірбайжанда аурушаңдық 115%-ға, Жапонияда – 70%-ға, Польшада – 63%-ға, Ресейде – 49%-ға, Қытайда – 36%-ға өсті», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, омикрон линияларының арасында «BA.5» және «BA.4» үлесі өсуде, оның ішінде «BA.5» 100 елде табылған. Бір аптаның ішінде «BA.5» үлесі 54%-ға дейін өсті.
«Сонымен қатар, BA2.75 омикронының кентавр субварианты ДДҰ бақылауында, ол 15 елде байқалады және барлық зерттелген үлгілердің 0,05% құрайды. Бұл мутациялардың басқа нұсқалармен салыстырғанда аурудың таралуы мен ауырлығына қаншалықты әсер ететіні туралы әлі ешқандай дәлел жоқ. Зерттеулер жалғасуда», — деді А.Есмағамбетова.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025