БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Былтыр 3 мыңнан астам ер адам декретке шыққан

Былтыр 3 мыңнан астам ер адам декретке шыққан
caption
Былтыр 3 мыңнан астам ер адам декретке шыққан
Өткен жылы 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 3 мыңнан астам ер адам мемлекеттен әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлім етті. «1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем ата-ананың біреуіне ғана тағайындалады. Яғни не әкесінің атына не болмаса анасының атына. Ал нақты бала күтімімен кім айналысады оны ата-ананың өздері шешеді», - деді Нұрсұлу Кемел орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Қор басшысының айтуынша, былтыр елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 385 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. «Оның ішінде 3 мыңнан астамы - ер адамдар. Демек әлеуметтік төлем баланың әкесіне төленді», - дейді ол. Спикер келтірген мәліметке сәйкес бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем мөлшері ата-ананың соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40% құрайды. Егер екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.   Дереккөз: Қазақпарат сайтынан  
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар