Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір партия пайда болмақ

Қазақстанда тағы бір партия пайда болмақ

"Shopan ata" ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Агро-индустриалды партия құруға ниетті. Бұл туралы ол өзінің жеке сайтында мәлімдеді. “Ал, ағайын! Нар-тәуекел! Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын! Өмірімдегі ең маңызды қадамдардың бірін жасап отырмын! Біздің қатарымызға қосылыңыз!” делінген сайтта жарияланған үндеуде.  Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазып, жалпы малшы қауымға ортақ «Шопан ата» күнін белгілеу бастамасын көтеру арқылы есімі көпшілікке танылған Алмасбек Садырбай – «Shopan-ata» агро-қозғалысының төрағасы, «Qazyna Study» онлайн мектебінің және «Малбазар» Қазақстанның ауыл шаруашылығы хабарландыруларының онлайн платформасының құрылтайшысы.