Контентке өту

Екібастұзда шенеуніктер құмар ойынға әуес болған: миллиондаған айналым анықталды

Екібастұзда шенеуніктер құмар ойынға әуес болған: миллиондаған айналым анықталды
ашық дерек

Екібастұз қаласында бірқатар мемлекеттік қызметшінің құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды. Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Тексеру барысында лауазымды тұлғалардың букмекерлік кеңселерде белсенді есепшоттары болғаны анықталған. Солардың бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі. Оның жеке шотындағы қаржы айналымы 6,8 миллион теңгеге жеткен.

Бұдан бөлек, осындай заңбұзушылықтар ауылдық округ әкімінің, тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының орынбасарының және қала әкімдігіне қарасты құрылымдық бөлімшелердің тағы 7 қызметкерінің әрекетінен анықталған.

Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілердің әдеп талаптарын сақтауына бақылаудың әлсіз жүргізілгенін де атап өтті. Осыған байланысты қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда анықталған фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты