Контентке өту

Жамбыл облысының тексеру комиссиясына – 15 жыл

Жамбыл облысының тексеру комиссиясына – 15 жыл
ашық дерек

Жамбыл облысында тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай мерейтойлық жиын өтті. Іс-шара «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Басқосуға облыс әкімі, Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері, өңірлік тексеру комиссияларының төрағалары мен сала мамандары қатысты.

2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан комиссия жергілікті бюджет қаражатының заңды әрі тиімді жұмсалуын бақылап, өңірдегі қаржылық тәртіпті нығайтуға үлес қосып келеді.

Соңғы үш жылда комиссия 16 ауқымды аудит жүргізіп, 117 нысанды қамтыды. Тексеру барысында жалпы сомасы 136,3 млрд теңгенің қаражаты бақылаудан өтті.

Мерейтойлық жиын барысында мемлекеттік аудиттің маңызы, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.

Тексеру комиссиясының 15 жылдық қызметі өңірдегі мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізу мен қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың маңызды кезеңі болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты