БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Энергия тапшылығы: Германияда көмір электр станциясы жұмысын қайта бастайды

Энергия тапшылығы: Германияда көмір электр станциясы жұмысын қайта бастайды
caption
Энергия тапшылығы: Германияда көмір электр станциясы жұмысын қайта бастайды
Германияда энергия тапшылығына байланысты көмір және мазут электр станцияларының жұмысы қайта жанданады. Дегенмен, ГФР билігі климат дағдарысымен күреске бейілділігін бұрынғыша қуаттап отыр. «Германияның көмірмен жұмыс істейтін алғашқы резервтік электр станциясы жақын арада қайта іске қосылады. Әңгіме Ганновер мен Брауншвейг арасында орналасқан төменгі саксондық Хоэнхамельндегі Мерум (Kraftwerk Mehrum) Жылу элетр орталығы туралы болып отыр», - деп хабарлады Бонндағы желілер жөніндегі федералдық агенттігі. 14 шілдеден бастап Германияда резервтік энергия деп аталатын көмір және мазут электр станцияларын қайтадан пайдалануға беруге рұқсат етілді. Маусым айында Германияда табиғи газ негізінде электр энергиясының 11,2% өндірілді. Германия үкіметінің қаулысы 2023 жылдың сәуір айының соңына дейін қазба отынмен жұмыс істейтін резервтік электр станцияларынан электр энергиясын сатуға рұқсат береді. Олардың уақытша қайта іске қосылуы электр станциясының операторлары үшін экономикалық қызығушылық тудырады. Өйткені қазіргі уақытта электр энергиясының көтерме бағасы жоғары. Бұл ретте әлемдік нарықта таскөмір жеткілікті.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар