Контентке өту

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың қоржынына екінші қола медальді салды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Абылайхан қола медаль үшін өткен белдесуде БАӘ өкілі Гаджимурад Омаровты айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, дәл осы салмақта Әділет Алмат алтын жүлде үшін белдеседі. Ал бұған дейін Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты