Қазақстандық үстел теннисі шеберлері Дастан мен Айдос Кенжіғұловтар Аустрия кубогында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Қазіргі кубок иегері «Штоккерау» клубы сапында Айдос Кенжіғұлов өнер көрсетеді. Олар финалда «Вельс» командасын 3:1 есебімен жеңіп, өз тарихында төртінші рет жүлдеге ие болды.
Айдос финалда бір кездесу өткізіп, қарсыласын 3:0 есебімен айқын жеңді.
Ал Дастан Кенжіғұлов «Баден» клубының құрамында турнирдің қола жүлдегері атанды.