Түркияның Кемер қаласында муайтайдан халықаралық XIIII Antalya Open Cup турнирі мәресіне жетті. Жарысқа әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының да спортшылары бар, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған турнирде отандық спортшылар 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия құрамасы иеленсе (26-50-73), үшінші орынды Мажарстан (9-4-0) құрамасы қанағат тұтты.
Antalya Open Cup – муайтайдан әлемдегі беделді халықаралық жарыстардың бірі. Қазақстан құрамасының нәтижесі ел тайбоксшыларының әлемдік аренада бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте көрсетті.