Айтыскер ақын Жүрсін Ерман қазіргі жастардың айтысы туралы айта келіп, айтыскер Айшолпан Тілеутайды жақтырмайтынын жеткізді
Бұл туралы Жүрсін Ерман АЙТЫС STRICE бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
“Айшолпанның айтысын мен жаратпаймын. Дөрекі сөздермен айтысады. Өзін-өзі ұстауы да сондай айқай-шуға басып. Бірақ халық сұрағаннан кейін қосамыз. Халыққа не керек? Шу керек, шоу керек. Ол шоумен өзінше. Осындай ақындар бар”, – деді ол