«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сүйенсек, 24 мен 26 мамыр аралығында қатты жаңбыр жауады деген болжамға сай, Жамбыл облысының өзендерінде су деңгейі артады, деп хабарлайды хабарлайды jambylinfo.kz.
«24-26 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр болжамына байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін»,-деп жазылған аталған ведомстваның хабарламасында.
Сондай-ақ бұл күндері Тараз қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деген болжам бар.