Контентке өту

Боксшы Надежда Рябец Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Боксшы Надежда Рябец Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының боксшысы Надежда Рябец Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Құрлықтық біріншілікте Рябец 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен кездесті.

Надежда бірінші раундта 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Екінші раундта да ол қарсыласынан белсендірек, дәл соққыларымен басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Надежда Рябец Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) ұлттық құрама қоржынына күміс медаль салған еді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты