Контентке өту

Боксшы Валентина Хальзова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Боксшы Валентина Хальзова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап. 

75 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін өткен  жекпе-жекте Хальзова қытайлық Бао Цзыимен қолғап түйістірді.

Отандасымыз алғашқы раундты 4:1 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші раундта да Валентина аз ғана басымдықпен алға шықты.

Алайда шешуші раундта төрешілер жеңісті Цзыиге берді. Осылайша, қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (ереже бұзғаны үшін қазақстандық боксшының ұпайын алып тастады). Ал Валентина Хальзова Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) финалға жолдама алған болатын.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты