Контентке өту

Бокстан Азия чемпионаты: Бақыт Сейдіш алтын медаль үшін жұдырықтасады

Бокстан Азия чемпионаты: Бақыт Сейдіш алтын медаль үшін жұдырықтасады

Бүгін, 6 сәуірде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық кезең басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасынан алғашқы болып рингке Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) шықты.

Ол Қытай өкілі Алимире Абудурейимуға қарсы жекпе-жектің алғашқы раундында сенімді өнер көрсетіп, басымдыққа ие болды.

Екінші раундта да Бақыт қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Оның шешуші жекпе-жектегі қарсыласы кейін анықталады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты