Контентке өту

Бокстан Азия чемпионаты: Бақыт Сейдіш күміс жүлдегер атанды

Бокстан Азия чемпионаты: Бақыт Сейдіш күміс жүлдегер атанды

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазақстан құрамасынан алғаш болып рингке Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) шықты.

Финалда оның қарсыласы үндістандық Арундхати Чаудхари болды.

Бірінші раундта қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші үшминуттықтан кейін Чаудхари есепте алға шықты. Жекпе-жектің тағдыры үшінші раундта шешілді.

Нәтижесінде қарсыласы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бақыт Сейдіш Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бүгін, 9 сәуірде тек әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медальға таласа алады. 80 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец, ал 80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова сынға түседі.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты