Контентке өту

Бокстан Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бокстан Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жартылай финалда Сабырхан Қытай өкілі Ван Пэйченді сенімді түрде жеңді.

Төрехан алғашқы раундтан-ақ басымдықты өз қолына алды. Ол тек бірінші үшминуттықта ұтып қана қоймай, қарсыласын нокдаунға жіберді.

Екінші раундта да қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

Осылайша, Төрехан Сабырхан финалға жолдама алды. Бұған дейін шешуші кезеңге Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) да өткен болатын.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты