Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Отандасымыз 125 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Қасымбек қытайлық У Бухеердунды 8:7 есебімен, бір ұпай айырмасымен жеңді.
Айта кетейік, бүгін, 12 сәуірде 92 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков те қола жүлдеге қол жеткізді.