Контентке өту

Марқұм Мұрат Бисембиннің қызы ұзатылуда: желіде түрлі пікір тарады

Марқұм Мұрат Бисембиннің қызы ұзатылуда: желіде түрлі пікір тарады
ашық дерек

Марқұм актер Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова қуанышты жаңалығымен бөлісіп, желіні қыздырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Диана әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісімен түскен суреттерін жариялап, саусағындағы сақинасын көрсетті. Бұл — оның тұрмысқа шығатынын ресми түрде растаған сәт болды. Желі қолданушылары бірден жас жұпқа ақ тілектерін жаудырып, «бақытты болыңдар», «керемет жұп» деген пікірлер қалдырды.

Алайда бұл жаңалық тек құттықтаумен шектелмеді. Кейбір оқырмандар Диананың әкесінің жақында ғана дүниеден өткенін еске салып, «тойға ерте емес пе?» деген пікірлерін де ашық жазды. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды.

Соған қарамастан, көпшілік қос ғашыққа қолдау білдіріп, әр адамның өз бақытына құқы бар екенін алға тартты. Тіпті кейбір қолданушылар күйеу жігіттің кім екеніне, оның ұлтына қатысты түрлі болжам жасап, талқылауды одан әрі қыздырған.

Айта кетейік, Мұрат Бисембин өткен жылы өмірден өткен болатын. Ал қызының бұл жаңалығы – қуаныш пен түрлі көзқарастың тоғысқан тұсына айналды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты