«Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды. Қазір нәтижелер өңделуде, шамамен автобустың жатқан жері анықталды. Оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шамамен 5-7 метрді құрайды», – деп жазды облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.Қазіргі уақытта мамандар автобусқа дейін жетуі тиіс шағын экскаваторды шұңқырға түсіру және құтқарушылардың әрі қарайғы іс-қимылдарын пысықтауда. Жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына барлығы 136 адам, 41 техника, 3 кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылды. Естеріңізге сала кетейік, жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында автоубс жер астына құлап кеткен. Автобуста төрт адам болды, олардың екеуі 4 қаңтарда түстен кейін табылды. Іздеу жұмыстарына 134 адам, 37 машина, үш кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылды.
Майқайыңдағы автобус табылды
caption