Контентке өту

Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертілмек

Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертілмек
caption
Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертілмек Қазақстандағы мектептерде дене шынықтыру сабағындағы бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. «Қазіргі кезде дене шынықтыру сабағында бағалауды өзгерту мәселесін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында жұмыс тобы қарастырып жатыр», - деп жазды Е. Тоғжанов депутаттық сауалға жауап бере отырып. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы базасында 5-9 сыныптар үшін «Дене шынықтыру» сабағының оқыту бағдарламасына өзгерту мен толықтыру енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы