Қазақстандық актер, продюсер әрі блогер Нұртас Адамбай бұған дейін айтқан кейбір кесімді пікірлерінің қате болғанын мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Бұл туралы өнер иесі Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында айтты.
Нұртас Адамбай кезінде адамдарды футболмен айналыспауға және матч көрмеуге шақырғанын еске алды. Оның айтуынша, сол кезде өзгелерге немен айналысу керек немесе не істемеу қажет екенін айтуға құқылымын деп қате ойлаған.
«Мен сол кезде қателескенімді мойындаймын. Футболмен айналысудың қажеті жоқ, оны көрудің қажеті жоқ деп айтқаным – менің ақымақтығым еді. Сол уақытта біреуге немен айналысу керек, немен айналыспау керек екенін айтуға құқым бар деп ойлайтындай ақымақ болғанмын», – деді Нұртас Адамбай.
Осылайша актер бұрынғы ұстанымына қайта баға беріп, сол кездегі көзқарасының дұрыс болмағанын ашық мойындады.