Қазақстандық актриса Меруерт Өтекешова продюсер Баян Алагөзованың қолындағы камзолдың түпнұсқа екенін растады. Бұл туралы ол журналистерге берген пікірінде айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің сөзінше, кеңес дәуірінде қолданылған көптеген сахналық костюмдер мен реквизиттер уақыт өте келе түрлі адамдардың қолына өтіп кеткен. Сол себепті мұндай тарихи бұйымдардың нақты қайда сақталып жатқаны әрқашан да белгілі бола бермейді.
Сонымен қатар актриса музейде сақталған камзолдың бір нұсқасы бар екенін атап өтті. Алайда оның айтуынша, бұл нұсқа көпшіліктің көңілінен шыға бермейді.
Меруерт Өтекешова камзолдың нақты қай жерде сақталуы керектігі туралы пікір білдіруден бас тартты. Ол бұл тақырыптан гөрі өз шығармашылығы жайлы айтылғанын жөн көретінін жеткізді.
Аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында түрлі пікір қалыптастырды. Бірі тарихи құндылықтардың музейде сақталуын дұрыс десе, енді бірі олардың жеке коллекцияларда болғанына қарсы емес екенін айтуда.